7 наурызда Киевте кеңестік және украиналық актер, каскадер және трюк қоюшы Владимир Строкан белгісіз біреудің қолынан қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG порталына сілтеме жасап.
Жақында актер 64-жасын тойлағаны белгілі.
Владимир Строкань 1958 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Ол өзінің дебютін 1975 жылы Владимир Конкиннің "Переходим к любви" мелодрамасында дублер ретінде жасаған. Кәсіби авто және мотокаскадер ретінде, ол "Дорога в ад", "Допинг для ангелов", "Ха-би-ассы", "Оружие Зевса", "Одиссея капитана Блада", "Иван Подушкин. Джентльмен сыска", "Приказано уничтожить", "Сваты" сынды көптеген бірлескен ресейлік-украиналық жобаларда трюктер қойып, дублер болған.
Ондаған кеңестік, украиналық, ресейлік фильмдер мен сериалдарда актер ретінде де ойнаған, олардың арасында "Работа над ошибками", "Пепел Феникса", "Золотые парни", "Оперативный псевдоним", "Возвращение Мухтара", "Брат за брата" бар.
847 рет оқылды