Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Бұл туралы Стокгольмдағы Швед корольдік Ғылым академиясының химия саласы бойынша Нобель комитеті Twitter парақшасында хабарлады.
Зерттеушілер ұзақ уақыт бойы катализатордың металдар мен ферменттер деген екі түрі ғана бар деп ойлаған. Бірақ Макс Планк көмір қоғамы зерттеу институтының директоры Беньямин Лист және Принстон университетінің профессоры Дэвид Макмиллан катализдің үшінші түрін және молекулаларды құрудың жаңа әдісін жеке жасап шыққан. Ол асимметриялық органокатализ деп аталады және кішкентай органикалық молекулаларға негізделген.
Осының негізінде жаңа фармацевтикалық препараттарға зерттеу жүргізіледі, сонымен қатар, химияның экологиялық жағынан таза болуына әсер етеді.
"Катализдің бұл тұжырымдамасы қандай ірі жаңалық болса, соншалықты қарапайым да жаңалық. Себебі көп адам бұл туралы неге бұрын ойламағанбыз деп сұрайды", - деді Нобель химия комитеті төрағасы Йохан Оквист.
2020 жылы марапатты геномды редакциялау әдісін дамытқаны үшін Берклидегі Калифорния университетінің қызметкері Дженнифер Дудна мен Макс Планк қоғамы жұқпалы биология институтының қызметкері Эммануэль Шарпантье алды.
Бұған дейін физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды, оны Сюкуро Манабе мен Клаус Кассельман, сонымен қатар, күрделі жүйелерді, соның ішінде климатты зерттегені үшін Джорджио Паризи алды.
1451 рет оқылды