04 там, 2025 сағат 15:39

Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

Фото: Qaz365.kz

Бүгін Алматы облыстық прокуратурасы Хасан Қасымбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданғанын растады. Іс материалдары мен айыптау актісі 21 шілдеде облыстық прокуратураға берілген, деп хабарлайды Ult.kz.

"Алматы облысының прокуратурасы 2025 жылғы 29 шілдеде айыптау актісін бекітіп, істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жолдады", - деп мәлімдеді қадағалаушы орган өкілдері.


Хасан Қасымбаевтың үстінен «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «қорқытып алу» баптары бойынша іс қозғалған.