25 маусымда Ақтөбе қаласында QazaqGeography Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының «Хан Қорық» республикалық жастар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
«Хан Қорық» фестивалі – Қазақстанның барлық облыстарынан келетін студенттер мен жастар үшін жыл сайын өткізілетін QazaqGeography Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының жастар жобасы. Өткен жылдары фестиваль Ұлытау тарихи алқабында, Сайрам су биік таулы шатқалында және Баянауыл облысының көркем мекендерінде өтті. Бұл жолы «Хан Қорық» Ақтөбе облысында өтетін болады. Фестивальға 14 қазақстандық жоо-дан, Ресей және Өзбекстан университеттерінен 120-дан аса қатысушы келеді деп жоспарланып отыр.
Фестивальді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы және «Хан Қорық» фестивалінің басшысы Дәуітбаева Тоғжан Серікқызы ашты.
«Басшылық атынан мен QazaqGeography Қазақстан ұлттық географиялық қоғамына біздің осы фестивальді осы қасиетті Атөбе жерінде өткізіп отырғанымыз үшін алғысымды білдіргім келіп отыр», - деп атап өтті Ербол Нұрғалиев. «Ақтөбе жерінде Республиканың салттық орындарының тізіміне кірген мәдени мұраларының 11 объектісі бар, қатысшыларға біздің облысымыздың ең әдемі жерлерін аралау қызықты болатынына сенімдімін», - деді ол.
Ербол Нұрғалиев атап өткендей, 2018 жылғы «Хан Қорық» фестивалі арналып отырған Қазақстанның елордасы Астана қаласының 20-жылдығын тойлау аясында Ақтөбеден кеңес және тәуелсіз Қазақстанды: Орынбор, Қызылорда, Алматыны аралайтын және Астанада саяхатты аяқтайтын автокеруені бастау алады.
«Автокеруен жастардың көптеген өкілдеріне біздің астанамыздың қаншалықты көркем екендігін, біздің Астанамызбен қалай мақтанатынымыз туралы айтып береді», - деді ол.
QazaqGeography өкілі Тоғжан Дәуітбаева Ақтөбе облысының Әкімдігіне және Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне фестивальді дайындау және өткізудегі көмегі үшін алғысын білдірді.
«Хан Қорық» жыл сайын QazaqGeography Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының мүшелері, Қазақстанның әртүрлі бұрыштарынан және жақын шетелден студенттер мен жастардың жиналатын танымал фестивальға айналды. Біз көптеген қатысушылардың жадында жаздың ең жарқын естелігі ретінде қалатын фестивальді құрғанымызбен мақтанамыз», - деді ол.
Фестиваль ғылыми, ойын-сауық және экскурсиялық бөлімдеріне бөлінген. 25 маусымда К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің (АӨМУ) қабырғасында «Климаттық өзгеруі» және «Су ресурстары» тақырыптары бойынша баяндамалар конкурсы өтетін ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясын ұйымдастырылатын болады. Конференция БҰҰ-ның «Жасыл экономика моделіне көшуі үшін Қазақстанды қолдау» және «Климаттың өзгеруі және екі жылдық баяндама туралы БҰҰ Шекті конвенциясы аясындағы Ұлттық қатынасын әзірлеу» даму Бағдарламаларының жобаларымен қолданды.
Бұдан кейінгі күндерде қатысушыларды «Әлия» мұражайына, Абат-Байтақ кесенесіне, Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне, ақтөбе ескерткіштеріне және Ақтөбе су қоймасына экскурсиялары; пейнтбол, ату және волейбол бойынша жарыстары; спорттық ойындары, от шашулар, гала-концерттер және көптеген басқа да қызықтылар күтеді.
Айта кетсек, 25 - 29 маусым аралығында «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысы әкімдігінің және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қолдауымен Ақтөбе облысында республикалық «Хан Қорық» жастар фестивалін өткізеді.
2013 жылдың қазанында Қамқоршылық кеңесінің төрағасы К.Қ.Мәсімовтың қолдауымен және бастамасы бойынша құрылған QazaqGeography бес басым бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биологиялық алуан түрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі таңда келесі өңірлерде 11 өкілдік ашылған: Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары. QazaqGeography жобаларды Еуразиялық Топтың (ERG) және KAZ Minerals («Востокцветмет» ЖШС) демеушілік қолдауымен жүзеге асырады.