08 мау, 2022 сағат 18:24

Халықтың басым бөлігі мемлекеттің көмегіне мұқтаж – Есеп комитеті


Мемлекет көмегіне зәру тұрғындар көбейіп келеді. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, экономиканың жандануы шағын және орта бизнеске оң әсерін тигізе бастады. 

«Халықтың көпшілігінің нақты өмір сүру деңгейі әлі көтерілген жоқ. Ең алдымен, инфляция ықпал етті. Ақшалай кірістер құрылымында еңбек етуден түсетін кірістер үлесінің төмендеуі және әлеуметтік трансферттерге тәуелділіктің артуы байқалады. Халықтың басым бөлігі мемлекеттің көмегіне мұқтаж, тұтыну шығындарының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады», - деді Наталья Годунова Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, Есеп комитетінің төрағасы халықтың басым бөлігі несие алғанын атап өтті. 

«Жеке тұлғаларға ипотеканың өсуі 38%, тұтынушылық мақсаттағы шығын – 40% құрады. Бұл – экономикаға берілетін кредиттердің жалпы көлемінің үштен бірі. Несие өтеуге халық табысының 18%-дан астамы пайдаланылады», - деді Годунова.