05 қар, 2021 сағат 17:22

Халықаралық сарапшылар Қазақстан экономикасы өсімінің болжамын жоғарылатты


Халықаралық сарапшылар Қазақстан экономикасы өсімінің болжамын жоғарылатты. Бұл туралы Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздегі прогресс алдыңғы қатарлы қаржы ұйымдары тарапынан елеусіз қалмады. Moody's агенттігі жақында Қазақстанның несие рейтингін көтеріп, оны нақты сектордағы тұрақты өсіммен және капитал нарығындағы жағдайдың жақсаруымен түсіндірді», - деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы Moody's агенттігі 2021 жылы Қазақстан экономикасының өсімі болжамын 4 пайызға дейін және 2022 жылға 4,5 пайызға дейін көтерді. 

«Қалпына келу прогресі еуропа өңірі мен Орталық Азия елдерімен тығыз ынтымақтастық пен үйлестірусіз мүмкін болмас еді», - деді Асқар Мамин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Бішкекте Премьер-Министрлер деңгейінде «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы басталды.