Tungi Habar бағдарламасының жұма күнгі қонақтары қоныс тойын тойлауда. Бұл жолы аутизм диагнозы бар үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана өз үйінің бақытты иесі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, балалардың әкесі 9 жыл бұрын қайтыс болған. Осы уақытқа дейін Гүлнәр Қалдыбаева балаларымен бірге жалдамалы пәтерлерде тұруға мәжбүр болды. Қайырымдылық қорына көмек сұрап келген әйелге «Хабар» телеарнасыныңтікелей эфирінде Алматы қаласындағы жеке пәтердің кілті мен жиһаз сатып алуға арналған сертификат табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Tungi Habar бағдарламасының телекөрермендері көру қабілеті бұзылған анасына қолқанат болып отырған 10 жасар баланың жүрек елжіретер оқиғасының куәгері болды. Қаңтар айында телеарнаның тікелей эфирінде «Хабар» Агенттігі мен «Харекет» қайырымдылық қорының атынан балаға пәтер берілді.
Бұл бастама «Хабар» телеарнасындағы кешкі шоудың жұма күнгі шығарылымдарында игі дәстүрге айналады деп жоспарлануда.
- Іс-шара «Берекелі жұма» деп аталады. Жұма - мұсылмандар үшін қасиетті күн. Біз апта сайын Tungi Habar бағдарламасының шығарылымдарында осындай тосынсыйлар жасауды жоспарлаудамыз. «Харекет» қорының арқасында мұқтаж қазақстандықтар ға «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көмек көрсетіледі, -деді «Хабар» Агенттігі Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ринат Кертаев.
«Хабар» телеарнасындағы жаңа жоба осы жылдың қаңтар айында басталған болатын. Бағдарлама күн сайын сағат 22:30-да тікелей эфирде көрсетіледі. Tungi Habar шоуының жүргізушілері - театрдың танымал актерлері Мадияр Серікбаев пен Жанболат Найзабеков.