16 қар, 2021 сағат 19:08

"Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келеді" - Тоқаев


Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз. Кейбір шетелдік саяси күштер ел ішіне іріткі салғысы келіп, Қазақстан туралы жалған ақпарат таратуда. Осындай әрекеттерге қарсы тұру үшін ақпараттық кеңістік арқылы өзімізде де, шетелде де үгіт-насихат жүргізу керек.   

Тағы да айтайын: Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздігіміз – бәріміз үшін ең құнды дүние. Тәуелсіздігімізді даңғаза ұрандармен емес, ақылмен, парасаттылықпен, біліммен, сабырлықпен қорғау қажет. Бұл мақсатқа жету үшін татулық керек. 

Еліміздің біртұтастығы – реформаларымыздың табысты жүзеге асуының басты кепілі. Біз Тәуелсіздік кезеңінде толайым табысқа кенелдік. Оның бәріне бірлік пен ынтымақ саясатының арқасында жеттік. Сондықтан осы құндылықтарды сақтай білейік!», - деп түйіндеді сөзін Президент.