08 шіл, 2022 сағат 13:21

Кейбір ауданда 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмеген - министр


Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысын аралап жүр. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Таңертеңнен бері Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен таныстым. Соның ішіндегі екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысымды айттым. Тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ. Мектеп басшыларының аттестациядан өту мерзімі өтіп кетсе де, кейбір аудандарда 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмеген. Осы облыстың басқа да білім беру ұйымдарының жұмысымен танысамын" - дейді министр.