Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Жемқорлық, бұл - батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзе асыра береміз», - деп атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бізде тиімсіз шығындар көп.
«Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды», - деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдауға қатысты пікір білдірді.
«Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет», – Қ.Тоқаев.