07 қаз, 2019 сағат 10:21

Кеше біртүрлі жағдай болды – Деревянченконың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін әлеуметтік желілердегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йоркте екі әлем чемпионы белбеуі үшін болған жекпе-жекте танымал қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

"Жеңгенімді сеземін. Мұны бүкіл МСГ (Madison Square Garden) көрді, бүкіл әлем көрді. Өкінішті, кеше біртүрлі жағдай болды. Мені қолдап жатқандардың барлығына көп рахмет!" - деп жазды Деревянченко Instagram-да.

Кейінірек Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс титулдық жекпе-жек алдында шәкіртінің сырқаттанып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Деревянченко бұл кездесуде бірінші раундта нокдаунға түсіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Головкин реваншқа дайын екенін мәлім етті.