"Вести. Крым" телекомпаниясы 2018 жылдың 17 қазанында Керчь колледжіндегі болған жарылыстың видеосын көрерменге көрсетті. Нақтырақ айтсақ, аталмыш колледждің бейнебақылау камераларына түсіп қалған сұмдық кадрлармен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, 21 адамның өмірін жалмаған теракті көрші Ресейдің ғана емес, ғаламторға көз тігіп отырған барша әлем жұртының жағасын ұстатты. Ең өкініштісі, мұндай қатыгездік пен қаныпезерлікке барған жігіттің жасы небәрі 18-де болған.