15 қаз, 2019 сағат 08:47

Кентауда газ баллоны жарылып, 14 жасар қыз зардап шекті

Түркістан облысында Кентау қаласы маңындағы жер үйде газ баллоны жарылып, артынша өрт тұтанған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан 14 жасар қызды күйік шалған.

«14 қазан күні 11:16-да Түркістан облысының Кентау қаласынан 20 шақырым жердегі Жүйнек ауылында уақытша тұру үшін салынған үйде газ баллоны жарылып, 32 шаршы метрді жалын шарпыды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер жалынды 12:28-де өшірді. 2005 жылғы қыз күйік шалып ауруханаға жеткізілді.

Қолда бар дерекке сүйенсек, апаттың себебі – газ баллоны редукторында ақау болған.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 7 қызметкері және 2 техника жұмылдырылған.