Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласын басқарған Дәурен Махажановтың қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Қылмысы дәлелденсе, мен оставкаға кетуге дайынмын. Соттың шешімі болса болды», - деді Өмірзақ Шөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Айта кетейік, 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қаладағы автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ долларын (42 млн 500 мың теңге) алды деген айыппен Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.