06 мам, 2021 сағат 11:33

Кен орындарын онлайн аукционда сату тәртібіне өзгерістер енгізіледі


Энергетика министрлігі жер қойнауын барлау және пайдалану құқығын беретін онлайн аукциондардың тәртібін жетілдіру үшін заңнамаға өзгерістер енгізбекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы вице-министр Жанат Жахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен бапасөз мәслихатында айтты. 

«Алғашқы екі аукционды өткізу қорытындысы бойынша министрлік шараны өткізу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірледі. Қазіргі уақытта заңнамаға бірнеше түзету енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министрлік өкілі.

Олар: бастапқы аукционға қатысушыларға қол қою бонусы мөлшеріндегі кепілдік жарна төлету, қатысушыға сатып алу құқығын беру, ойнлайн аукционды жылына 2 рет қана өткізуге рұқсат беретін шектеуді алып тастау.

«Бұл бізге бәсекелестікті және аукциондар өткізу жиілігін арттыруға мүмкіндік беред», - деді Жанат Жахметова.