Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ресейдің федерал арнасында сарапшының Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атаған мәлімдемесін қатаң айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Россия 1" телеарнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасында сарапшылардың бірі Қазақстанды Украинадан кейінгі проблема деп атады. Ол біздің елдегі нацистік процестер туралы мәлімдеді. Сіз нацистік процестерді кездестірдіңіз бе" - деп сұрады журналист.
"Әрине, мен ешқашан нацистік процеске тап болған емеспін, ол біздің елімізде жоқ та. Мұндай мәлімдемелерге қатысты айтарым - Мемлекет басшысы да, СІМ басшылығы да, өзге басшылар да бұған дейін түрлі мәлімдеме естіді. Біріншіден, біз бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымы деп санамаймыз. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынастарға нұқсан келтіріліп отыр. Үшіншіден, федералды арналардың бірінде осындай позицияларды жарияланғандықтан, Ресей Федерациясының билігі тиісті реакция береді", - деді Василенко Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша Ресей елшісіне телефон соғуды жоспарлап отыр ма деген сұраққа Василенко қазір өзінде ондай ақпарат жоқ екенін айтты.