03 нау, 2020 сағат 10:23

«KEGOC» технологиялық апаттарды уақытылы хабарлауы тиіс - министрлік

«KEGOC» АҚ технологиялық апаттарды уақытылы хабарлауы тиіс. Бұл жайында ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таратылған ақпаратқа қарағанда, министрлікке қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2020 жылғы 9 ақпанда болған технологиялық апаттардың туындау фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізген.

«ЮКГРЭС» ҚС-500 кВ ауданындағы қолайсыз метеожағдай, желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асатын күшті шаңды дауыл технологиялық бұзылыстың себебі болды. Соның салдарынан Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында электр энергиясын беру шектелді. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-қа ұқсас технологиялық бұзушылықтарды энергетикалық қадағалау мен бақылау мемлекеттік органына уақытылы хабарлау жөніндегі негізгі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар берілді», - деді министрліктен.