24 қар, 2021 сағат 22:23

KEGOC компаниясының басшысы қызметінен кетті


24 қарашада «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Бақытжан Қажиевтың өз ұсынысымен «KEGOC»АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды, оның Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ал Директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды.

Сонымен қатар Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

С.А. Тиесов пен Е. К. Бердіғұловтың өкілеттік мерзімі жалпы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге белгіленген.

Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев 25 жылдан астам басқару тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1987 жылғы тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы электр желілерінің слесарі қызметінен бастады. 1987-1999 жылдары пайдалану мен жөндеуден бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданының электр желілерінің бірінші басшысына дейін әр түрлі лауазымда жұмыс істеді. 1999-2003 жылдары Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында оқыды. Оқуды аяқтағаннан кейін, 2004 жылдан 2007 жылға дейін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Содан кейін «KEGOC» АҚ-ға жұмысқа ауысты, 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін – «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының директоры, 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін - ҰЭТ-ты дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Индустриялық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-да Инновациялық-технологиялық саясат және даму департаментінің директорынан, Даму және сату жөніндегі басқарушы директор-Басқарма мүшесінен бастап Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Энергетика» секторының басшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қаныш Тәңірбергенұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болыпқызмет атқарады.

«Құрмет» орденімен (2015ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.) медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.) медалімен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен (2006ж.), «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағымен (2010ж.). марапатталды.

Сүйіншілік Әмірхамзаұлы Тиесов Қазақ политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.

Мынадай жұмыс тәжірибесі бар:

1968-1969 жж. – «Целинэнерго» ӨЭБ орталық диспетчерлік қызметінің инженері.

1969-1971 жж. –«Энергосетьпроект» ҒЗИжЖИ релелік қорғау және автоматика бөлімінің инженері, аға инженері, Алматы;

1971-1984 жж. – Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрлігінің ЖДБ электр режимдерін оңтайландыру қызметінің бастығы, аға инженері, сектор бастығы, Алматы;

1984-1987 жж. – «Целинэнерго» ӨЭБ бас директорының электр желілері жөніндегі орынбасары;

1987-1989 жж. – «Гурьевэнерго» ӨЭБ бас инженері;

1989-1995 жж. – «Атырауэнерго» («Гурьевэнерго») ӨЭБ бас директоры, Атырау;

1995-1997 жж. –ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары;

1997-1999 жж. – ҚР Энергетика, индустрия және сауда департаментінің директоры;

1999-2000 жж. – ҚР Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы.

2000-2001 жж. – «KEGOС» ААҚ вице-президенті;

2001-2004 жж. – «KEGOС» ААҚ Ақмола филиалының директоры;

2004-2016 жж. – «ЭҚНҚО» АҚ Басқарма төрағасы (Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы);

2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - «KEGOС» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі. Сүйіншілік Әмірхамзаұлы ТМД және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, энергетика ардагері, 2 және 3 дәрежелі «Барыс» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов Ұлыбританияда University of Warwick - Бизнес әкімшілік ету магистрі (2015-2018 жж.);

Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша University of Toronto (бағыты-Халықаралық экономика) (2007-2010 жж.);

Болашақ көшбасшылармен алмасу бағдарламасы бойынша Marysville Pilchuck High School (FLEX) (2004-2005 жж.).

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушылық есептеу жүйесін (БЕЖ) енгізу бойынша жобалау кеңсесінде жұмыс тәжірибесі бар (2011-2012жж.), «Самұрық-Энерго» АҚ Аналитика қолдау департаментінің директоры, Стратегиялық даму департаментінің директоры, Жобаларды басқару департаментінің директоры болды (2013-2018жж.), «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы (2019-2021жж.), 2021 жылғы сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі серіктес басқарушы директоры болып қызмет атқарды.