06 сәу, 2022 сағат 13:40

«KEGOC»-ке айыппұл салынуы мүмкін


Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті KEGOC қазақстандық компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтап, сотқа жіберді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, KEGOC АҚ-қа қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды", - делінген хабарламада.

KEGOC-ке қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ның 164-бабы төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілгені айтылды.

Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, KEGOC-ке 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.