17 қаң, 2019 сағат 16:11

Кеген ауданында IT-сыныптар мен робототехника кабинеттері ашылуда

Алматы облысы білім беру орталықтарының материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін 220 миллион теңге бөлінді, оның ішінде Кеген ауданында IT-сыныптар мен робототехника кабинеттерін ашу және дамыту ісі де бар. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін 5 IT-сыныптар ашылмақ. Бұл туралы ауданға жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Амандық Баталов маңызды әлеуметтік нысандарға аьбасын бұрды, солардың қатарында №3 орта мектеп пен Кеген ауылындағы аудандық аурухана да бар.

№3 Кеген орта мектебіне барған Амандық Баталов coworking-сыныптар жұмысымен және робототехника кабинетімен танысты. Оқушылар облыс әкіміне 3D-модельдеу, анимациялар, бейнемонтаж бойынша өз жобаларын көрсетті, сондай-ақ, өздерінің алғашқы роботтарын іс жүзінде көрсетіп берді. Оқушылармен сұхбаттасу барысында және мектеп ғимаратын аралаған облыс әкімі бұл мектепке күрделі жөндеу қажет екенін айтып өтті, сәйкесінше, А.Баталов қажетті құжаттарды даярлау мәселесін аудан әкіміне және облыстық білім беру басқармасының бастығына жүктеді.

Кеген аудандық ауруханасы да күрделі жөндеуді қажет етеді. 1972 жылы салынған бұл ғимараттың су құбыры жүйесі мен кәріз жүйесі ескірген. Амандык Баталов өзінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарына аурухананы күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының жүргізілуіне және қажетті мөлшерде қазіргі заманғы медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілуіне ерекше бақылау жасауды тапсырды.

Жұмыс сапары мәдениет үйінде өтетін аудан активімен кездесумен жалғасты.

Жиналыс басталғанға дейін Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндап берді, сондай-ақ, осы жылға инвесторлармен бірге жоспарланған жобаларды таныстырды. «Park Canyon» ЖШС ұсынған іргелі жоба - туристік саладағы бірегей жобалардың бірі, оның басты ерекшелігі – шатқалдың жан-жақтарын үшбұрыш пішін тәріздес етіп қосып тұратын аспалы көпір. Жобаның жалпы құны - 1,5 млрд. теңге. Жобада бос уақыт пен демалыс уақытын ұйымдастыру, қонақ үй және тамақтандыру қызметтері қарастырылған. Жоба аясында жасыл желектерді отырғызу ұйымдастырылады, әртүрлі шағын архитектуралық формалар орнатылатын болады, жоба 2019-2021 жылдар аралығында іске асырылады деп жоспарланған.

Аудандағы туризмнің дамыту жоспарларына оң баға берген Амандық Баталов аудан активімен кездесу өткізді, онда аудан әкімі баяндама жасады. Облыс әкімі баяндама жасағандардан проблемалық сұрақтарға тоқталуларын сұрады. Т.Байеділов проблемалық мәселе ретінде аудан тұрғындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету ісін атап өтті, өйткені бірқатар елді мекендерде насостық жүйелер мен тарату желілері алмастыруды қажет етеді. Бұл мақсаттарға 326 млн. теңге бөлу қажет.

Амандық Баталов ТҮКШ саласына жетекшілік ететін орынбасарларының басшылығымен шұғыл түрде ТҮКШ бойынша комиссия жергілікті жерге шығып, ауыз су мәселесіне толық талдау жасауын тапсырды.

«Жалпы республика бойынша біздің облыстағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші ең жоғарғы көрсеткіш, яғни 89%-тен жоғары. Кеген ауданының ауыз су мәселесі туындап отырған елді мекендеріндегі мәселелерді шешуге тиіспіз», - деп атап өтті А.Баталов.

Сонымен қатар облыс әкімі ауданды заманауи жедел жәрдем машинасымен, оқушыларды тасымалдау автобустарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған микрокредит көлемін ұлғайту туралы ұсыныстарды қолдады. Амандық Баталов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде елді мекендерді жарықтандыруды тапсырды.

Ауданда жолдар жөнделіп жатқаны да атап өтілді. Оған биылғы жылы 352 млн. теңге бөлінді. Бұл орайда жергілікті полиция бөлімшесіне шығарылатын бейнебақылау орнату мен сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек.

Кездесу қорытындысында Амандық Баталов бүгінгі берілген барлық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтты:

- Әсіресе ТҮКШ саласында көптеген мәселелер бар. Бүгінгі айтылған мәселелер бойынша қандай шаралар қабылданды, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы мерзімінде есеп беріп отыруды тапсырамын. Мемлекет қолдауының арқасында бізде мұндай мәселелерді шешуге барлық мүмкіндіктер бар. Сондықтан белсенді де сапалы жұмыс жасау керек, - деді А. Баталов.

Сол сияқты облыс әкімі инвесторлармен жұмыс істей отырып әрбір аудан әкімі беделді, нарықта өз орны бар, жоспарланған жобаларды сапалы жүзеге асыра алатын инвесторлармен делдалсыз, тікелей жұмыс істеуі керектігін айтты.