26 мау, 2024 сағат 11:23

ҚЭА Төрағасы Талғат Темірханов: "Жылу электр стансаларында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде"

Сурет: El.kz

Қазақстанның энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі жабдықтарды жаңарту, бірнеше ЖЭО күрделі жөндеуден өткізу және тозығы жеткен  инженерлік желілер жаңғыртылуда. Қазақстандық электр энергетикалық Қауымдастық айтуынша жылу электр стансаларындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестеге сай келе жатпағаны айтарлықтай маңызды емес. Ең бастысы ЖЭО иелеріне жылыту маусымы басталғанға дейін инфрақұрылымды ретке келтіру міндеті қойылып отыр. 

Қазақстандық электр энергетикасы Қауымдастығының мәліметінше 2023-2024 жылдардағы маусымдық жөндеу жұмыстарының көлемі өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық нәтижені көрсетіп отыр. Жұмыс істеп тұрған 55 жылу көзін толығымен жөндеп, 6,5 мың шақырымға жуық коммуналдық желілерді жаңғырту қажет. Бірқатар аймақтарда жөндеу жұмыстары 1 наурызда басталған. Қазақстандық энергия нысандары үшін міндеттер тізімінде: сегіз күрделі жөндеу, 4 кеңейтілген және ЖЭО-да 30 ағымдағы жөндеу жұмыстары тұр. 

"Жөндеу жұмыстарының көп болуы жабдықтардың жұмысына оң әсер етеді. Желілерде, стансаларда апаттар аз болады. Қазір энергетиканың оң үрдісі осы міндеттемелердің барлығын іске асырып отыр. Жөндеу жұмыстарының көлемі де жылдан жылға артып келеді. Мемлекет тарапынан қаржыландыру мен қолдаудың тәсілдері де өзгерді. Үкімет осы саладағы жағдайды жөндеуге қатысты нақты шаралар қабылдап жатқаны қуантады. Қазір жөндеу жұмыстары ауқымды көлемде атқарылуда", - деп атап өтті ҚЭА Төрағасы Талғат Темірханов.


Салалық Қауымдастық сонымен қатар бірнеше ЖЭО-да жөндеу жұмыстары кестеден қалып жатқанына қатысты түсініктеме берді. Олардың ақпараты бойынша, мерзімдер бірқатар объективті себептерге байланысты өзгеріп отыр. 

"Белгілі бір жабдықты, турбогенераторды ашқан кезде, мысалы, кейбір қондырғылар шектен тыс тозған болып шығады. Соған байланысты жөндеу жұмыстары көбейіп кетеді.  Жабдықты ашқан кезінде жөндеу жұмысының көлемі анықталады. Бұл әрине жөндеу жұмыстарының жобасын, оны қаржыландыруын, мерзімін және т.б. жағдайларды қайта қарауды талап етеді", - деп түсіндірді салалық Қауымдастықтың басшысы.


Сондай-ақ, жылу беру маусымына дайындық кезінде ЖЭО жөндеу бригадаларының жетіспеушілігі мәселесіне тап болады. Салада білікті мамандар тапшы. Сондықтан кадрларды күтіп отыру немесе олардың құрамын жедел күшейту деген жағы бар. ЖЭО-дағы жөндеу науқанының кешігудегі үшінші факторы - қажетті жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің уақытылы жеткізілмеуі.

"Біз жабдықтарға тапсырыс береміз. Бір ғана емес бірнеше түрлі  жабдықты импорттаймыз. Энергетикада бұл қиын екені анық. Технологиялық жабдықтың дайындалуы белгілі бір кезеңді қажет етеді. Кейбір жағдайларда бұл жабдықтың өндіріс уақыты өзгеруі де мүмкін. Бұл стансалардың жауапкершілігін төмендетпейтіні анық. Мемлекет, үкімет бақылауды күшейтіп жатқанын көріп отырмыз, бұл қалыпты тәжірибе", - деп түйіндеді Талғат Темірханов.


Қауымдастықтың айтуынша, энергетика секторының қатысушылары энергия стансаларының  жауапкершілігі мен міндеттемелерін жақсы түсінеді. Сондықтан жөндеу жұмыстарын мерзімінде орындауға дайын деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда тозығы жеткен қуат өндіруші кәсіпорындарды кезең-кезеңімен 15%-ға дейін төмендету межесі белгіленген.