«Қазтрансойл» «ҚазМұнайГаз» құрамынан шығарыла ма? Бұл сауалға бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазтрансойл» «ҚазМұнайГаз» құрамынан шығарылмайды. Мұндай жоспар жоқ. Соған орай компания «ҚазМұнайГаз» құрамында қала береді», - деді ол онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, компания алдағы уақытта қызметкерлер санын қысқартуды көздеп отырған жоқ.
«Өндірістік қызметкерлерді қысқартқан жоқпыз және қысқартуды жоспарлаған да емеспіз. Шындығында біз бұған дейін бас кеңсе штатын, оның үстіне жалақы мөлшерін қысқартқан едік. «ҚазМұнайгаз» компанилар тобы бойынша қызметкерлер санын арттыру немесе қысқарту көзделмейді», - деді Дәурен Қарабаев.