Елордамыз Астана қаласында Google компаниясының мамандары ІТ-компанияларының басшылары мен мамандары, маркетологтар, бизнесмендер, отандық интернет-дүкен иелері үшін meet up өткізді. Шара «Қазпошта» АҚ ұйымдастыруымен заманауи цифрлық үрдістерге толы, жаңа робопост кеңсесінде өткізілді. Google компаниясының мамандары қатысушыларға жобалармен тиімді жұмыс істеуі және қызметкерлердің жеке өсуі үшін Google құралдарын дұрыс пайдалану жайында қызықты мәліметтерімен бөлісті.
Meet up қонақтары робопост кеңсесіндегі робот – Қуанышпен танысып, сұрақтар қойып, біраз ақпаратпен бөлісті. Шара өткен залдың түсірілімі дрондар арқылы жүргізілді. Одан өзге Қазпошта қонақтарын VR көзілдірігі көмегімен киім-кешекті виртуалды киіп көретін құрылғысымен таң қалдырды.
Шараға Kazpost IT-бөлімінің атқарушы директоры Бахтияр Мұхаметқалиев қатысып, кеңсе жайында айтып өтті.
«Бұл кеңсеге алғаш рет робот София келіп кеткен болатын, енді біз Google компаниясынан келген мамандарды қарсы алып отырмыз. Біз болашақты электрондық саудамен байланыстырамыз. Ол үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет – қаржы құралдары, терминалдар, заманауи банкоматтар, төлем карточкаларын шығару, киімді онлайн режимінде киіп, оны басып шығару, алу немесе жіберу. Сондықтан да осындай кеңселер ашып, стартаперлерді шақырамыз. Жалпы, біз кез келген идеялар мен шешімдерді қарастырып, көбіне қолдап отырамыз», – деді Бахтияр Мұхаметқалиев.
Google компаниясының өкілі Евгений Ганчитс шараға қатысушыларға өздерінің іздеу жүйесінің қыр-сырымен таныстырып, айтып берді.
«Google – бұл процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін және қазіргі кезде қажет нәрсені тез арада табуға жағдай жасап отырған, өте ақылды іздеу жүйесі», – деп өз сөзін бастады компания өкілі Евгений.
Іздеу жүйесінің кәсіпкерге көмегі аз ғана. Одан әрі оған интернет технологиялар көмек бере алады, және де ол электронды сауда да өте қажет дүние. Евгений Ганчитс бұл жайында өз тәжірибесіндегі сәтті жарнама арқылы интернеттегі қалың жұртшылықтың назарын қалай аудару керектігін айтып, оның сырымен бөлісті.
«Сіздің ісіңіз туралы хабарландыру қызықты болуы керек, бұл дүкендегі сөрелер секілді адам көзін тартады, яғни алғашқы әсер қалыптастырады. Егер сіз елеулі кәсіпкер болсаңыз, жарнамалық мәтін өте сапалы болуы маңызды рөл атқарады. Пайдаланушылар сіздің сайтыңызға неге кіргенін және ол жерден өзіне не алатынын бірден білетіндей болу керек. Тұтынушыларға сұрақ қоюдың қажеті жоқ, керісінше – олардың тарапынан қойылған сұрақтарға тез арада жауап беруге дайын болуға тырысыңыз. Түйінді сөздер айтыңыз, бос уәде бермеңіз ол сізге деген сенімділікті арттырады», – деп спикер біраз пайдалы ақпараттар ұсынды.
Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда мобильді құрылғыларға арналған нұсқаны арзандатудың қажеті жоқ екенін ескертіп өтті. Егер сіз сайтта жұмыс істеп жүрсеңіз - бұл жөнінде біліп жүріңіз. Себебі смартфондар мен мессенджерлер, әлеуметтік желілер, арқылы тұтынушылар көп келеді.
Одан кейін digital-маркетингте жеті жыл тәжірибесі бар Роман Леонов сөз сөйледі. Ол Қазақстанда, Әзірбайжанда және Қырғызстанда купондық сервисті дамытумен айналысқан. Бірнеше жылдан кейін өзінің Peklo агенттігін ашқан.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде жеке сайтын қалай құру керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін айтып, барлық маркетологтарға міндетті түрде Google Analytics қолдануға кеңес берді.
«Сіздерді тұтынушылар және басқа да адамдар картадан көру үшін «Google менің бизнесім» бөліміне тіркеліңіз. Олар сайтқа кірген мезетте оператор оған кенеттен жауап беру керек. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен тіпті өз блогыңызды жүргізу ұсынылады. Көптеген гугл аналитиктер осы тұста бас қатырғысы келмейді. Бірақ сіз ден қойып айналысыңыз, ол сіздің бизнесіңізге жақсы табыс әкеледі. Сондықтан да оны айналып өтудің қажеті жоқ», – дейді Роман.
Meet up-ты digital-агенттікті дамытумен айналысатын Асия Мамбеталиева қорытындылап өтті. Асия өз кезегінде Google компаниясына тиесілі YouTube қызметі жөнінде айтып берді. Басты назарды жарнамалық бейнероликтерде болды.
Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемде YouTube-ті көру бойынша алғашқы позициялардың бірін алады, сондықтан бұл жарнама үшін тамаша құрал. Әрбір секунд сайын 1,5 миллиард көрермен үшін 400 сағаттан астам контент жүктеледі.
«Орташа есеппен алғанда көрермен смартфоннан бейне көру үшін күніне бір сағаттан астам уақыт өткізеді. Бүгінде біз сапалы контентті қалаймыз – бұл өз кезегінде жарнама берушілерді шақыру. YouTube-та бейне жарнамалардың көп түрлері бар. Бірақ ең жаңалары төменгі жағында көрініп тұрады», – деді Әсия Мәмбеталиева.
Ол сондай-ақ, қазақстандық YouTube-да казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынғанын да ескертіп өтті. Шараға қатысушылар медициналық дәрі-дәрмектердің жарнамасына қызығушылық танытты. Оның айтуы бойынша медициналық дәрі-дәрімектерді жарнамалауға әбден болады. Тек бейнероликтер қызықты болып көпшілікті өзіне тартатындай болса болды.
Әйгерім ҚАЛИДОЛЛА