30 нау, 2022 сағат 12:42

Қазнетте колонияда жүрген Талғат Ермегияевтің видеосы тарады


Қазнетте колонияда жүрген Талғат Ермегияевтің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодан оның бокстасып жатқанын көруге болады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ҚАЖД) бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, видео 2019 жылы Алматы облысы ҚАЖ мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.

"Видеодағы адамдар 2021 жылдан бері бір-бірінен бөлек камерада орналасқан. Кейінірек олардың бірі колониядан босап шықты", - деді ведомство өкілдері. 

ҚАЖД мәліметінше, 2021 жылдың наурызында мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленді.

"2022 жылы 29 наурызда осы видеоның тарауына байланысты сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды аралап шықты - қандай да бір тыйым салынған заттар табылған жоқ. Анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады", - делінген Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.