Фото: kmg.kz
Маңғыстау облысындағы кәсіпорындар жұмысын қайта бастады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір кәсіпорындар қалыпты жұмыс істеп тұр.
"11 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де Маңғыстау облысының бірқатар кәсіпорны, атап айтқанда "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Өзенмұнайсервис" ЖШС, "Бұрғылау" ЖШС жұмысын тоқтатты. Алайда бір сағаттан кейін сағат 20:00-де аталған кәсіпорындардың жұмысшылары жұмысқа шықты", - делінген хабарламада.