«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметкерлерін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2021 жылға арналған бюджет өндірістік, күрделі, әкімшілік шығындарды ескере отырып әзірленген. Сондықтан мұнан ары қысқарту көзделіп отырған жоқ. Ағымдағы бюджет барынша теңгерімді қалыптастырылған. Соған орай мұнай бағасы құлдырап кеткен 2020 жылдың басындағыдай, коронавирус пандемиясы тараған кездегідей ауқыды қысқарту қазіргі уақытта жоспарланып отырған жоқ», - деді ол онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. .
Сонымен қатар ол компания тотарындағы қызметкерлерді оңтайландыру мәселесіне де тоқталып өтті.
«Өндірістік қызметкерлерді қысқартқан жоқпыз және қысқартуды жоспарлаған да емеспіз. Шындығында біз бұған дейін бас кеңсе штатын, оның үстіне жалақы мөлшерін қысқартқан едік. «ҚазМұнайгаз» компанилар тобы бойынша қызметкерлер санын арттыру немесе қысқарту көзделмейді», - деді Дәурен Қарабаев.