«АЛМЭКС» холдинг тобы» акционерлік қоғамы «Казкоммерцбанк» АҚ-ға 65,2 млрд теңге көлемінде қаржы құйды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Казкоммерцбанк» АҚ ( Банк – редакция) 2017 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен №А0040 орналастыруға бекітілген жарияланған акциялар саны аясында Банктің 700 716 450 дана жай акциясын (ҰСН KZ1C00400016) орналастыру рәсімінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлады. Банктің ұсынылған жай акцияларының көлемінен 700 171 633 данасын «АЛМЭКС» Холдинг тобы» акционерлік қоғамы сатып алды, нәтижесінде Қазкоммерцбанктің акционерлік капиталындағы 25,05% үлесімен Банктің ірі қатысушысы атанды. Акциялардың орналастырылуы аяқталған соң Банкке 65,2 млрд теңге көлемінде қаржы құйылды. Бұл қаражат Банкке мақсатты көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізуге қажетті мүмкіндік беріп отыр.
Банктің капиталына кең көлемді қаржы құю туралы АЛМЭКС акционерлерінің шешімі Halyk Group құрамында Қазкоммерцбанктің ары қарай дамуы мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ниетін білдіреді.
Банктің жеке капиталын қосымша ұлғайтудың қажеттілігі реттеушінің банк капиталының жеткіліктілігі талабының өсуімен және 2018 жылдан бастап, Қазақстанда енгізілетін жаңа ХҚЕС 9 стандарттарының талаптарына сәйкес болуы, сондай-ақ Банктің судалық қоржынын тазалау, қалпына келтіру және ары қарай ұлғату бойынша менеджменттің жоспарымен байланысты.
Қазкоммерцбанкті сатып алу жөнінде мәміленің аяқталуы аясында осы жылдың шілдесінде «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ҚКБ-ның капиталына 185 млрд теңге көлемінде инвестиция құйып, Банктің несиелеу саласындағы қызметін қалпына келтірген болатын. Ал жаңа құйылған 65,2 млрд теңгені қоса есептейтін болсақ, 2017 жылы Қазкоммерцбанктің капиталына құйылған қаржының жалпы көлемі 250,5 млрд теңгені құрады. Бұл елдің банк секторына құйылған ең ірі көлемдегі қаржы.
Нәтижесінде Қазкоммерцбанк капиталының жеткіліктілік коэффициенті (К2) қазақстандық банктердің ішінде ең жоғары болды және 27,2%-ды құрады. Несиелеу саласындағы жұмыстың жандануымен қатар оның жеке капиталындағы қаржы қоры Банкке өзін сенімді сезінуге және түйткілді займдар қоржынымен жұмысты күшейтуге, жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеу жұмыстарына инвестиция құюға, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ құрамына кірген кезде жаңа тәуекелдер мен сындарға дайын болуға мүмкіндік береді.
«2017 жылы мемлекеттің және мықты акционерлерінің қолдауының арқасында Қазкоммерцбанк өзінің тұрақты және сенімді қаржы институты деген атағын қайтара алды. Сондай-ақ, Халық тобының құрамында нарықта өз жұмысын жүйе құрушы банк ретінде жалғастыра алды. Бүгінгі күні біз болашаққа үлкен оптимизммен қарап отырмыз, өйткені Қазкоммерцбанктің барлық мұрасы – дамыған инфрақұрылымы, тәжірибесі және технологиясы сақталып қана қоймай қаржы тобындағы клиенттерге тиімді болуы үшін ары қарай дами түспек. Банк капиталының ұлғаюы таза судалық қоржынның өсуі мен сапасын арттыру жұмыстарымызға маңызды көмек болып отыр. Жақында банк рейтингісінің* көтерілуіне қарамастан біз Қазкоммерцбанк капиталының едәуір ұлғаюынан халықаралық рейтингтік агенттіктер, клиенттер мен серіктестер тарапынан позитивті реакцияны күтеміз», - деді Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка.
*Банктің рейтингісі Fitch агенттігімен BB- тан CCC дейін, S&P агенттігімен B- тан B+ дейін және Moody’s агенттігімен Ba2 ден B3 дейін көтерілген болатын.