05 мам, 2023 сағат 15:30

Казино заңгері прокуратура қызметкеріне пара бергені үшін сотталды

Фото: elements.envato.com

Казино заңгері коррупция дерегіне байланысты сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казино заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, жиырма есе мөлшерде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды.

"Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сотталған адам мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.