23 қаң, 2019 сағат 16:55

«Қазгидромет» өз қызметкерлерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді

«Қазгидромет» РМК басшылығы пара алды деген күдікпен өз қызметкерлерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдікті ретінде «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И. Андрианов және «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Н.К. Сұлтанов ұсталды. «Қазгидромет» РМК жүргізілген тергеу іс-шараларына қолдау көрсетіп, барлық сұратылған материалдарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етіп отыр. Сонымен бірге, «Қазгидромет» РМК жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары жөнінде хабарсыз екендігін мәлімдейді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бүгін «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ұсталғанын хабарлаған болатын.

«Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды» делінген еді хабарламада.