23 шіл, 2022 сағат 00:20

Қазгидромет бірқатар өңірде қант қызылшасы мен жүгері бітік шығатынын болжады


Кәсіпорынның мәліметінше, бұл - әзірге сынақтама болжам. Аталмыш дақылдардың болжамды моделі 2020 жылдан бастап қана енгізілген және ол өндірістік сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алынған есепке сәйкес, осы маусымда жүгері өнімділігі Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында негізінен орташа көпжылдық мәннен жоғары болады деп күтіліп отыр. 

Ал Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында қант қызылшасының өнімділігі көпжылдық мәннен жоғары болады деген болжам бар. 

Болжам егістікке вегетациялық суару нормасына сай су берілген жағдайды ескере отырып әзірленді. 

Ал егер көкөніс дақылдарын вегетациялық суару нормасы мен мерзімі сақталмаса, онда түсім болжамға қарағанда аз болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүкіл болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұдайы ұсынылып отырады.