
13-15 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресейдің Еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттардың ығысуына байланысты республиканың солтүстігінде қар жауады, батыстан екпінді жел соғады. Бұрқасыннан жолдарды қар басып, көру мүмкіндігі нашарлайды. Оңтүстік және шығыс өңірлерге Орталық Азия аймағынан оңтүстік циклон келеді. Онымен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, шығыста қар мен бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы көпжылдық мәннен 2…5°С-қа жоғары болады. Ал батыста – норма шамасында», - делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.
