29 сәу, 2020 сағат 15:36

Қазгидромет 10 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 30 сәуірге бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан желі соғады, күші 15-20 м/с артады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Шымкент қаласында түннің бірінші жартысында найзағай болжанады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, бұршак, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 

Карағанды облысында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с артады. 

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.