12 шіл, 2022 сағат 13:42

"Қазфосфат" зауытындағы ТЖ: Жоспардан тыс тексеріс басталды


Таразда "Қазфосфат" серіктестігінің жергілікті филиалына жоспардан тыс тексеріс басталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

"11 шілде сағат 20:00-де Қазфосфат минералды тыңайтқыштар ЖШС ЖФ күкірт қышқылы цехында авариялық жағдай орын алды, зауыттың ақпараты бойынша абсорбердің моногидратты сорғысы істен шыққан. Нәтижесінде газ (күкірт триоксиді) тараған.

Болған апат туралы жедел ақпарат алған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшылығы мен зертханалық талдау бөлімінің басшысы Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, сағат 21:20-да Сүлейманов көшесіндегі зауыттың санитарлық-қорғау аймағын өлшеп, фторлы сутегінің едәуір артқаны анықталған. Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ.

Сондай-ақ сағат 22:05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас ластаушы заттарға өлшеу жүргізілді, ластаушы заттардың артуы анықталған жоқ" - делінген ведомство хабарламасында.

«Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалының ақпараты бойынша қалада ауаның ластануы қалқыма бөлшектер бойынша 1 ШЖК аспайтын деңгейде байқалған.

"Зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған Департамент қызметкерлері, сонынан прокуратура органдарында тіркелетін, күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің негізінде «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды, алайда өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып үрлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты, осы орайда ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ.

Жоспардан тыс тексеріс барысында штаттан тыс болған жағдайдың мән-жайын және себептерін анықтау үшін камеральдық бақылау жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы ақпарат ол тіркелгеннен кейін қосымша жіберіледі" - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда, департамент және Қазгидромент мамандары бірлесіп атмосфералық ауаның жай-күйімен сапасына мониторинг жүргізіп жатыр.