30 қыр, 2021 сағат 12:11

"Қазақтелеком" "Кселлдегі" үлесін сатады


"Қазақтелеком" директорлар кеңесі "Кселл" АҚ акцияларының 24 пайызын сатуды ұйғарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасы (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) "Кселл" АҚ акцияларының 24 пайызын сату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап күшіне енді", - делінген сайтта.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында "Қазақтелеком" "Кселл" АҚ акцияларының 75 пайызын сатып алды, олар сол кезде Telia Company және Fintur Holdings B. V. компаниясына тиесілі болған еді.