ҚР Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақтелекомның» 28,8% акциясын мемлекетке сыйға беру арқылы табыстау процедурасының ықтимал құқықтық салдары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мелекеттік мүлік» туралы заң бойынша, мемлекеттік мүлік сыйға беру арқылы да алынады. Заңнамада ондай қалып бар. Сыйға беру туралы келісішарт заңда белгіленген тәртіппен іске асады, нотариуспен расталады, бүкіл заң талаптары сақталған.
Сондықтан ертең сыйға беру келісімшартына қатысты дау туындауы мүмкін, кейбір бөліктері бойынша келісімшарт бұзылады деп айтуға негіз жоқ. Ондай негіз болмайтынына сенімдімін», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Еске салсақ, «Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылатыны хабарланған болатын.