12 сәу, 2022 сағат 18:11

"Қазақтелеком" акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекетке қайтарылды


Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz cайтына сілтеме жасап.

Қаулығы сәйкес, «Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.