Иллюстрациялық фото: pixabay
31 наурызда таңертең Қазақстанның үш облысында төрт тасжол учаскесі жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында Жезқазған-Петропавл тасжолының 377-440-шақырымында, Қостанай облысының шекарасынан Державинскіге дейінгі учаскеде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген.
Қарағанды облысында бір учаске жабық: Жезқазған-Петропавл тасжолының 142-252-шақырымдары, Сарлық ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске.
Сонымен қатар, Қостанай облысында екі учаске әлі де жабық:
- Жезқазған-Петропавл тасжолының 252-340-шақырымы, Қарағанды облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі учаске;
- Жезқазған-Петропавл тасжолының 340-377-шақырымы, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске.
738 рет оқылды