07 қыр, 2022 сағат 12:08

Қазақстанның Ұлттық қорында қанша ақша бар?


Ұлттық банк ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық қордың валюталық активтерінің шілдедегі көлемі 53,3 миллиард доллар болса, ал 31 тамыздағы дерек бойынша 53,8 миллиард доллар.

"Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балаларға мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына ұстау ұсынылып отыр. Кәмелетке толған кезде жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады.

Жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу тапсырылды. Осыған байланысты бұл жұмыстың тетігі мен ережелерін үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп пысықтағаннан кейін жариялайды", - деді министрлік.