Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«...көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мұнай секторы ұйымдарына:
1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
3) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берген, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыларжатады. Келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесі ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітіледі», - деп жазылған Қаулы мәтінінде.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.