Қызылордада уақытты бір сағат артқа жылжытуы мүмкін. Үкімет қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Биыл желтоқсан айының 20-сынан 21-іне қараған түні 00.00-де сағат тілі артқа жылжуы мүмкін, деп хабарланды "Открытые НПА" порталында.
Уақыт белдеулерінің шекарасы, өзгеріс енгізілген жағдайда, Ақтөбе және Қостанай, Ақтөбе және Қарағанды, Қызылорда және Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарының арасынан өтетін болады.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен өңірдің әкімдігі бұл жаңалықты халыққа жеткізуге тиіс.
Мәселені қоғамдық талқылау биыл 8 қарашаға дейін созылады.
Қазақстан аумағы ресми түрде екі сағаттық белдеуге бөлінген — UTC+5 және UTC+6.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары мен елорда арасында бір сағаттық уақыт айырмашылығы бар.