14 мам, 2021 сағат 10:36

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы жанданды


Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы осы жылдың 3 айында 13,2 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен қаңтар-наурыздағы өзара саудасы 5191,5 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда номиналды мәнде 13,2 пайызға ұлғайды. Оның ішінде экспорт – 1532,3 млн АҚШ доллары (16,8 пайызға көп), импорт – 3659,2 млн АҚШ доллары (11,8 пайызға көп)» делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,9, Қырғызстан Республикасына – 3,6, Беларусь Республикасына – 3,4, Армения Республикасына 0,1 пайыз тиесілі.