Фото: Ашық дереккөзден алынды
Ерлан Қошанов Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын қолдауға шақырды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламенті делегациясын бастап Минскіде өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысында айтты, – деп хабарлайды Ult.kz.
Ерлан Қошанов өз сөзінде Қазақстандағы саяси реформалар мен өткен Мәжіліс сайлауының нәтижелері туралы хабардар етті. Ол сайлауды байқауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының бақылау миссиясы құрамында өз өкілдерін жібергені үшін қатысушы елдердің парламенттеріндегі әріптестеріне алғысын білдірді.
«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастама көтерді. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Біздің бастамамызды халықаралық қауымдастық, соның ішінде ҰҚШҰ бойынша әріптестеріміз де қолдайтынына сенімдімін», - деді Ерлан Қошанов әріптестеріне сөйлеген сөзінде.
Мәжіліс спикері ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы өзін халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті мәселелері талқыланатын, үлгі заңдар әзірленетін маңызды диалог алаңы ретінде танытқанын баса айтты. Ерлан Қошанов кеңес мүшелерінің назарын аймақтағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына аударды.
Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы (OPCW) Химиялық қару туралы конвенцияның орындалуына жауапты жаһандық мекемесі болып табылады. Ол әрбір 5 жыл сайын Шолу конференциясын өткізеді. Бұл конференцияда қатысушы мемлекеттер, азаматтық қоғам, химия өнеркәсібі және академиялық орта өкілдері Конвенцияны жүзеге асыру барысын сараптайды және OPCW үшін жаңа басымдықтарды белгілейді.
Белгілі болғанындай, нәтижесінде OPCW осы жылдың 30 сәуірінде Әлемдік химиялық қордың 99,82%-ы жойғанын хабарлады және ұйым 100%-ға жету үшін көп жұмыс жасауда. Қазақстанның атынан өкілдік еткен Асқар Жұмағалиев біздің еліміздің химиялық қару мәселесі бойынша ХҚК мүшелерімен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Қошанов Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын қолдауға шақырды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламенті делегациясын бастап Минскіде өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысында айтқан болатын.