12 қаң, 2021 сағат 08:21

Қазақстанның алтын-валюта резерві 6,7 млрд долларға ұлғайды

Қазақстанның алтын-валюта резерві өткен жылы 6,7 млрд долларға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алтын бағасының өсуі нәтижесінде алтын портфелінің бір жылда 4,7 млрд АҚШ долларына 23,6 млрд АҚШ долларына дейін өсуі есебінен алтын-валюта резервтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда алдын ала деректер бойынша 6,7 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 35,7 млрд АҚШ доллары болды. Алтын-валюта резервтері құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер Қарашығанақ Консорциумынан өтемақы аясында қаражат әкелінуі, Азия Даму банкінің қарызы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық банктегі валюталық шоттарға әкелінуі есебінен 2 млрд АҚШ долларына өсті», - деді Ерболат Досаев. 

Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір жыл ішінде 3,1 млрд АҚШ долларына төмендеп, 58,7 млрд АҚШ долларын құрады.

«Нарықтың құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалды және 4,1 млрд АҚШ долларын немесе 7,5пайыздыі құрады», - деді ол.