Қазақстанның бес өңірінде есірткіні көтерме таратушылар желісі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бес өңір мен арнайы бөлімше полицейлерінің қатысуымен ауқымды арнайы операция өткізді. Нәтижесінде есірткіні көтерме таратушылар желісі жойылды, заңсыз бизнеске қатысқан 10 адам ұсталды.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, қылмыстық топ қараша айының басында көзге түскен. Ресейден келген фигуранттардың біріне жүк тасымалы арқылы есірткі өндірісі үшін пайдаланылуы мүмкін прекурсорлар берілгені анықталды. Тапсыру кезінде қылмыстық топтың екі қатысушысы жүкті қабылдаған адам және жүк тасымалдау құжаттары ресімделген адам анықталды.
Әрі қарай оларды бақылау тәулік бойы жүргізілді. Үш күннен кейін қылмыскерлердің бірі елордадан Павлодар қаласына таксимен шыққан. Жол бойында қалаға 40 шақырым жетпей, жол бойындағы орман белдеуіне есірткі жасырып, Көкшетау қаласына жол тартқан. 10 минуттан кейін топтың үшінші мүшесі есірткі жасырылған жерге келіп, есірткіні алған. Павлодарға қарай беттеп, кейіннен сол өңірлік полицейлермен ұсталған. Бұл бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты, оның жалпы салмағы
Қазір ол кезекті ірі мефедрон партиясымен Петропавл қаласына бармақшы болған. Осылайша, тағы үш қылмыскер анықталды. 20 қарашада Петропавл қаласында солтүстікқазақстандық полицейлер жалдамалы пәтерде оларды ұстады. Анықталғандай, барлығы облыс орталығына есірткінің тарату үшін мақсатты түрде келген. Жалдамалы пәтерде тінту жүргізілді. Қарау барысында есірткіні ұсақ партияларға буып-түйу осы жерде жүзеге асырылғанын көрсетті: бөлмеде изолента қиықтары, буып-түю материалдарының қалдықтары, жиһаздың шыны беттеріне есірткінің іздері шашыраған. Әр түрлі жасырылған жерлерде мефедронның бір реттік дозасы бар 165 түйіншек,
Ерлан Омарбеков толықтырғанындай, барлық ұсталғандар қамауға алынды және оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, аса ірі мөлшерде, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы өткізу) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Егер сотқа дейінгі іс жүргізу барысында барлық қылмыскерлердің ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденсе, ұсталғандарға он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі төнетін болады.