11 нау, 2022 сағат 13:20

Қазақстанның 1,5 мыңға жуық жүк вагоны Украинада қалды – министрлік


11 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша, бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілері бар Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ИИДМ-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Украинада еліміздің азаматтарына тиесілі 1457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда.

"Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан «Жедел желілер» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ" - дейді министрліктің баспасөз қызметі.