Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті
"Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жүк бөлігінде әскери киімдер болған "Газель" көлігін ұстаған.
"Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде тұр. Тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел шаралардың нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, тәркіленген жүк мемлекет меншігіне өтеді.