04 қар, 2022 сағат 11:30

Қазақстаннан 54 миллион теңгенің бензині заңсыз шығарылған

Фото: ашық дереккөз

ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері жалпы құны 54 миллион теңге болатын 165 тонна көлеміндегі АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен елден заңсыз әкету дерегін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистернаны Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде сол компания ұсталды.

Жалпы, аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген.

"Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды, бұрын сатылған бензиннің құны 54 млн теңге сотталғаннан мемлекет кірісіне өндірілді.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды" - делінген хабарламада.