22 қараша күні Достық үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанға ыстық ықыласпен», «Атажұртты аңсау» форумы өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық кодымызды әлемге танытып, жаңаша дамуға бастайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша жұртқа ерекше әсер етті. Бүгінгі күні бұл бағыттағы бағалы бастамалар, нәтижелі жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Облыстық Ассамблея жыл сайын әр өңірде өткізуді дәстүрге айналдырып, Отанымызға оралған ағайындармен қауышатын «Қазақстанға ыстық ықыласпен», және «Атажұртты аңсау» тақырыбымен форумдар өткізілуде.
Модератор: Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай.
Форумға «Достық үйі - Қоғамдық келісім кеңесінің» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, Республикалық Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының орталық аппарат меңгерушісі Ахметов Серікхан Қалибекұлы, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, жоғары дәрежелі дәрігер, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері Жасан Зекейұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалының меңгерушісі Жайнақ Дамер Асқарәліұлы, Алматы облыстық мемлекеттік қызмет, банк және әлеуметтік сала қызметкерлері салалық кәсіподағы басшысының орынбасары, Талғар аудандық мәслихат депутаты Әбдіғали Бәзілхан, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Сансызбай Құрметбек Сансызбайұлы, облысымыздың аудан, қалаларынан мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, ақын, жазушылар, ұстаздар, дәрігерлер, білім, ішкі саясат, мәдениет бөлімінің қызметкерлері, кәсіпкерлер, еліміздің өркендеп дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтар, «Достық үйі - Қоғамдық келісім кеңесінің» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалының меңгерушісі Жайнақов Дамир Асқарәліұлы баяндама жасады.
Сондай-ақ, бірқатар танымал тұлғалар жарыссөзге шығып, өз ойын ортаға салды. Атап айтсақ: Жасан Зекейұлы - Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, жоғары дәрежелі дәрігер, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері, Әбдіғали Бәзілхан - Алматы облыстық мемлекеттік қызмет, банк және әлеуметтік сала қызметкерлері салалық кәсіподағы басшысының орынбасары, Талғар аудандық мәслихат депутаты, Сансызбай Құрметбек Сансызбайұлы - Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы, Қажет Андас – облыстық Жетісу газетінің меншікті тілшісі. Қорытынды сөз, Қонысбаев Құтмағамбет Талапбайұлы - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалының меңгерушісінің орынбасары.
Форум арнайы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.