31 там, 2021 сағат 13:33

Қазақстанға импортталатын тауардың 40,8%-ы Ресейден келеді


2021 жылдың бірінші жартысында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 10,7 млрд долларға жетті. Бұл былтығырдан 26,7% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сілтеме жасап.

Арадағы алыс-берісте Ресейдің импорты басым – 69,6%. Қаңтар маусым аралығында Қазақстан Ресейден 7,5 млрд доллардың тауарын импорттаған. Оның жылдық көлемі былтырғыдан 19,2% артық деген сөз. Ал Ресейге өткізген экспорттың құны 3,3 млрд доллар. 

«Бұл былтырғыдан 48% көп. Қазақстанның жиынтық тауар айналымындағы Ресей федерациясының үлесі – 23,7%. Бүкіл импорттың 40,8%-ын, экспорттың 12,1%-иеленген. Ресейден Қазақстанға жарты жыл ішінде 375,1 млн литр минералды су, 402,5 мың тонна портландцемент, 287,6 мың тонна көмір, 3,6 мың тонна дәрі-дәрмек, 299,3 мың шаршы метр ағаш жаңқалы тақта, 3,4 млн шаршы метр линелеум,с243,9 млн кірпіш, 509,4 мың раковина әкелінді. Ал Қазақстаннан Ресейге жарты жыл ішінде 39 мың тонна бидай, 11,5 мың тонна күріш, 128,2 мың тонна портландцемент, 4,6 млн тонна темір кені, 41 мың тонна табиғи газ конденсаты, 27,3 мың тонна тыңайтқыш, 12,4 мың шаршы метр керамикалық плиталар, 26,8 мың тонна алкогольді және алкогольсіз сусындар жіберілді», - деп жазады Finprom.kz.