20 сәу, 2018 сағат 13:52

Қазақстанға АҚШ-тан ең көп жеткізілетін тауар ет болып шықты

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде (ҰЭМ) АҚШ-тан көптеп келетін тауарларды атады. Ведомство мәліметінше, АҚШ-тан Қазақстанға келетін тауарлардың басым бөлігі ет пен үй құсының субөнімдері, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

ҚР ҰЭМ мәліметі бойынша, 2017 жылы елімізге АҚШ-тан келген негізгі тауарлар:

- ет пен үй құсының субөнімдері (85,9 миллион долларға);

- машиналар мен механизмдер (81 миллион доллар);

- кран, клапан, вентиль мен су құбырларына арналған осы тектес арматура (45 миллион долларға);

- жеңіл және өзге де қозғалтқышты көліктер (40 миллион долларға);

- реакция жылдамдатқыштары мен катализаторлар (38 миллион долларға).

2017 жылы АҚШ-тан Қазақстанға импорт құны 1,24 миллиард доллар болды және 2016 жылмен салыстырғанда 2 пайызға азайған (немесе 26 миллион доллар). Ал 2016 жылы Қазақстанға осы елден импорт - 1,27 миллиард доллар. 

Ал 2017 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталған негізгі тауарлар:

- ферроқоспалар (7202) - 183,3 миллион доллар;

- уран және оның қосындылары (2844) - 77 миллион доллар;

- су тегі, гинтерн газдар және өзге де металлға жатпайтындар (2804) - 26,8 миллион доллар;

- тантал және оның өнімдері (8103) - 25,5 миллион доллар;

- өңделмеген қорғасын (7801) - 16,9 миллион доллар.

2017 жылғы Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 392 миллион доллар болып, 2016 жылмен салыстырғанда 36 пайызға немесе 221 миллион долларға азайған (2016 жылғы экспорт 613 миллион доллар).

2017 жылғы елдер арасындағы сауда сальдосы кері көрсеткіште және 852 миллион доллар болды.